Иран Қарулы күштері «Шынайы уәде — 4» операциясының оныншы толқынында «Хайбар» зымырандарының маневрімен басып алынған аумақтарға ауқымды шабуыл жасады.
Иран Қарулы күштерінің мәлімдемесінде былай деп жазылған: “«Шынайы уәде — 4» операциясының оныншы толқыны «Хайбар» зымырандарының маневрімен басып алынған аумақтарға үлкен от қақпасын ашты. Тель-Авивтегі сионистік режимнің үкіметтік кампусына нысаналы шабуыл жасау, Хайфаның әскери және қауіпсіздік орталықтарына соққы беру және Шығыс Құдысқа шабуыл жасау оныншы толқын мақсаттарының бір бөлігі болды. Бұған дейін басқыншы жаулардың базалары мен басып алынған аумақтарына шабуылдарды кеңейту бағдарламасы туралы ескертіп, Израильде дабыл дыбыстарының ешқашан тоқтамайтынын жариялаған болатынбыз.
Қазір басып алынған аумақтардың тұрғындарына әскери базалардың, қауіпсіздік және мемлекеттік орталықтардың маңынан алыстап, басып алынған аумақтардан дереу кетіп қалуға кеңес береміз”.
















