Трамп «Джеральд Форд» әуе кемесін тасымалдаушының (Gerald R. Ford (CVN-78)) Иранның жойқын соққысынан өртке оранғанын мойындады.
АҚШ Президенті: «Иран әлемдегі ең үлкен авианосецке 17 түрлі бұрыштан соққы берді. Біз жанымызды сақтау үшін қаштық. «Джеральд Форд» кемесі ішкі апаттың салдарынан емес, Иран зымырандарының соққысынан істен шықты», — деді.
Айта кетейік, Таяу Шығыста екі америкалық ұшақ тасымалдаушы кеме орналастырылған: біреуі Үнді мұхитындағы «Авраам Линкольн», екіншісі Жерорта теңізіндегі «Джеральд Форд».
Ресми деректерге сәйкес, «Джеральд Форд» (Gerald R. Ford (CVN-78)) әлемдегі ең ірі ұшақ тасымалдаушы кеме саналады. Ресми деректерге сәйкес, 12 наурызда кемеде шыққан өрт 30 сағаттан астам уақытқа созылған.
Gerald R. Ford (CVN-78) ұшақ тасығышы өрттен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілуі үшін Криттегі Суда-Бэй шығанағына кірді.
Пентагон ұшақ тасығышының жөндеу жұмыстарына кемінде бір жылдай уақыт қажет ететінін мәлімдеді.
















