Иранның Кеден қызметі болат өнімдерін экспорттауға тыйым салу туралы шешімді жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам Республикасының Кеден басқармасы слябтар, суықтай және ыстықтай иленген табақ болаттар, қалайыланған табақтар, басқа да қапталған табақтар, мырышталған табақтар, түрлі-түсті табақтар, ыстықтай және суықтай иленген болат таспалар, жай ленталар, қалайыланған және мырышталған ленталар, сондай-ақ басқа да қапталған және түрлі-түсті таспаныың барлық түрін экспорттауға тыйым салу туралы атқарушылық нұсқаулықты жариялады.
Бұл қаулыға 2026 жылғы 26 сәуір күні Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының Экспорт департаментінің бас директоры қол қойды. Қаулы сол күннен бастап күшіне енді.
Айта кетейік, АҚШ мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары салдарынан болат өндіру қуаттылығының шамамен 30 пайызы зақымдалып, бұл олардың ішінара істен шығуына әкеп соқты.
Reuter агенттігінің мәліметі бойынша тыйым 30 мамырға дейін салынған.












