Ормұз бұғазын басқару зымыран қуаты сияқты Тегеранның маңызды мүдделерінің біріне айналды.
Соңғы екі айда соғыс, инфрақұрылымға қауіп төндіру, келіссөздер, теңіз блокадасы және «еркін өту жобасы» секілді нұсқалардың ешқайсысы Ормұз бұғазын ашуға және Иранды оны басқарудан бас тартқыза алмады. Осы үдеріске қарағанда, Ормұз бұғазын басқару зымыран әлеуеті, ядролық бағдарлама сияқты Тегеранның маңызды мүдделерінің біріне айналған сыңайлы.
Соғыс басталып, Ормұз бұғазы жабылған сәттен бастап Иран әлемдегі ең маңызды стратегиялық су жолы бұдан былай соғысқа дейінгі қалыпқа қайта оралмайтынын мәлімдеді. Ирандағы билікті құлату және осы елдің зымыран қуатын жою жоспарлары сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Ормұз бұғазын ашу Американың соғыстағы басты мақсатына айналды.
Тегеранның бұғазға қатысты саясаты қысқаша былай болды: соғыс пен шиеленіс кезінде бұғаз жабық болады, ал соғыстан кейінгі қозғалыс Иран Қарулы Күштерінің бақылауымен және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін баж салығын төлеу секілді жоспарлар арқылы ғана мүмкін болады.
Америкалық басшылардың, әсіресе Трамптың мәлімдемелеріне назар аударсақ, соғыс басталғаннан кейін бірнеше күн өткен соң мәселелердің көбі тек Ормұз бұғазы төңірегінде өрбігенін көреміз. Трамп алдымен оны ашатыны туралы уәж айтты. Содан кейін бүкіл әлемнен, соның ішінде Еуропадан, тіпті Қытайдан көмек сұрады. Кейінірек басқа елдердің көмегіне мұқтаж емес екенін мәлімдеді. Артынша Ормұз бұғазы ол үшін мүлдем маңызды емес деді. Бірақ кейін оны ашу үшін Иран халқын балағаттауға көшті. Ол бұғазды ашу үшін электр станцияларына шабуыл жасау қаупін бірнеше рет пайдаланды.
Атысты тоқтатудан кейін АҚШ келіссөздер мен саяси қысым арқылы бұғазды ашуға тырысты. Келіссөздер тығырыққа тірелген соң Трамп Иран тез беріліп, бұғаз ашылады деген үмітпен теңіз блокадасы жоспарына жүгінді.
Ақыры, Америка бұғазды ашу үшін соңғы көзірін қолданды. Кеше СЕНТКОМ (CENTCOM) террорлық күштері мұнай танкерелерінің қауіпсіз өтуіне кепілдік беретінін жариялады. Осыған байланысты СЕНТКОМ бұл миссияны орындау үшін екі әскери кеменің қатысатынын мәлімдеді.
Алғашқы күннен бастап соғыс та, қоқан-лоққы да, келіссөздер де Иранды бұғазды ашуға мәжбүрлей алмады. Тек Ливандағы атысты тоқтату режиміне байланысты Тегеран бірнеше сағатқа дұшпан мемлекеттерге тиесілі емес коммерциялық кемелердің бақылаумен және баж салығын төлеу арқылы шектеулі өтуіне рұқсат берді. Бірақ атысты тоқтату режимі бұзылған бойда бұғазды қайтадан толық жауып тастады.
Кешегі операция кезінде де, осыдан екі ай бұрынғыдай Иран Ормұз бұғазындағы өз егемендігін жүзеге асыруды жалғастырды. Америкалық күштердің талпынысына қарамастан, заңсыз өтуге тырысқан бір мұнай танкеріне ескерту ретінде оқ атылып, тағы екі танкер кері қайтарылды.
Қазіргі уақытта 600-ге жуық кеме бұғаздан өтуді күтіп тұр. Ал Америка өз операциясы арқылы барлығына еркін өтуді қамтамасыз етумен сендірген болатын. Кейбір америкалық БАҚ екі танкердің өткені туралы уәж айтты, тіпті бұл мәлімдеме рас болған күннің өзінде бұл Иранның бұғазға иелік ету жағдайын өзгертпейді.
Соңғы екі айдағы оқиғалар желісіне қарағанда, Ормұз бұғазы зымыран қуаты мен ядролық өнеркәсіп сияқты Иранның стратегиялық және өмірлік маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде айқындалған сияқты. Ислам Республикасының ешқандай қысыммен оның артықшылықтарынан бас тартпайтын түрі бар.













