Вашингтонның Тегеранға қатысты қысым көрсету саясаты АҚШ-тың стратегиялық мүдделеріне кері әсерін тигізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран әскери күштерінің мәлімдемесінде айтылды.
Осы мәлімет бойынша, эскалацияның өршуі Вашингтон үшін саяси және экономикалық шығындардың артуына соқтыруы мүмкін.
Мәлімдемеде АҚШ президенті Дональд Трамптың ең алдымен Иран бұғаттаған Ормұз бұғазын ашқысы келетіні айтылған.
Мәлімдемеде: «Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Иранға қарсы 40 күндік операциясы кезінде және одан кейін де бұғазды ашу үшін барлық тәсілді қолданып көрді. Алайда одан еш нәтиже шықпады. Трамп ешқандай жағдайда қалыптасқан ахуалды бұрынғы қалпына келтіре алмайды», -деп жазылған.
Мұның алдында Дональд Трамп Truth Social парақшасында АҚШ Парсы шығанағында Ормұз бұғазының қоршауына байланысты қаңтарылып тұрған сауда кемелерін алып жүруді қамтамасыз ететінін жазып, «Project Freedom» («Бостандық жобасы») бастамасын жариялады. Осы жоба аясында АҚШ Қарулы күштері кемелердің Ормұз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуін сүйемелдеуге тартылмақ.
Трамп кемелерді алып жүру бастамасы дүйсенбі, 4 мамыр күні таңертең басталатынын мәлімдеген.















