Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиев елінің газды құбыр арқылы жеткізуші елдер арасында бірінші орында екенін мәлім айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Илһам Әлиев «Euronews» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Әлиев: «Еуропамен энергетика саласындағы ынтымақтастығымыз соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл процесс әсіресе 2020 жылы «Оңтүстік газ дәлізі» іске қосылғаннан кейін жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде аталған дәліз 16 мемлекетті табиғи газбен қамтамасыз етіп отыр. Осылайша, Әзірбайжан құбыр арқылы газ экспортталатын елдердің саны бойынша көш бастап тұр. Бұл көрсеткіш өсу үстінде»,-деді.
Президент Әлиевтің айтуы бойынша, бүгінде Еуропалық Одақтың 10 елі Әзірбайжан газының негізгі тұтынушылары болып табылады.
Илһам Әлиев: «Жалпы алғанда, Әзірбайжан газы еуропалық 12 мемлекетке жеткізіледі. Бұл көрсеткіш тұрақты түрде артып келеді. Сонымен қатар, серіктестік орнату туралы бізге келіп түсетін өтініштердің саны да өсуде.
Біз құбыр инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ геологиялық барлау мен өндіру жұмыстарына тиісті деңгейде дайындық жүргіздік. Соның нәтижесінде қазіргі уақытта өндіріс көлемі артып келеді. Жақын арада, шамамен келесі айдың басында, жаңа кен орнында газ өндіру басталғаны туралы хабарлайтын боламыз.
Бізге Еуропа секілді премиум нарық қажет болса, Еуропаға Әзірбайжан сияқты баламалы жеткізу көзі қажет. Осылайша, біз күш біріктіре отырып, Еуропалық комиссиямен өте жемісті ынтымақтастық орнаттық», – деді.
















