Он ел Израильдің Газа маңындағы гуманитарлық флотилияға қатысты әрекетін қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Түркия, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Испания, Колумбия, Ливия, Мальдив аралдары, Пәкістан және Иорданияның Сыртқы істер министрлері Израильдің Global Sumud гуманитарлық флотилиясына жасаған шабуылдарын қатаң айыптап, флотилия мүшелерін ұстауды халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу деп атады.
Мәлімдемеде Министрлер Израильдің халықаралық сулардағы флотилияларға қатысты әрекеттеріне алаңдаушылық білдіріп, ұсталғандардың барлығын дереу босатуға шақырды.
Сонымен қатар, гуманитарлық бастамаларға жасалған шабуылдар кеме қатынасы еркіндігін бұзу және халықаралық құқық нормаларын ашық елемеу болып табылатынын баса айтты.
Мәлімдеме авторлары халықаралық қауымдастықты құқықтық және моральдық міндеттемелерін орындауға, гуманитарлық миссиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жазасыздыққа жол бермеуге және кінәлі тараптарды жауапқа тартуға шақырды.
Айта кетейік, дүйсенбі, 18 мамыр күні Global Sumud дағдарыс штабы Жерорта теңізінің халықаралық суларында Израиль әскери-теңіз күштерінің флотилия кемелеріне шабуыл жасағаны туралы хабарлады.
Штабтың мәліметінше, Израиль әскери-теңіз күштері кем дегенде 39 қайықты ұстап, шамамен 300 белсендіні қамауға алған.
Израиль армиясы 2025 жылдың тамыз айында Газа секторындағы қоршауды бұзып, шұғыл гуманитарлық көмек жеткізбек болған 500-ге жуық шетелдік Global Sumud флотилиясының белсенділеріне шабуыл жасаған болатын.
















