Таяу Шығыс Американың қатысуынсыз әлемдегі ең тұрақты аймаққа айналады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін лауазымды тұлғалардың 14-ші халықаралық кездесуіне қатысу үшін Ресей астанасына келген Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғарғы кеңесі хатшысының орынбасары Әли Бақери Кани RT телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Әли Бақери Кани Иран мен көршілес елдер арасында ешқандай шынайы қайшылық жоқ екенін мәлімдеп: «Америка Құрама Штаттарының қатысуынсыз Таяу Шығыс әлемдегі ең тұрақты әрі өркендегі аймаққа айналады.
Біз Иран Ислам Республикасы мен көршілеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ екеніне сенімдіміз. Бүгінгі таңда аймақ үшін басты сын-қатер — АҚШ-ның араласуы, сондай-ақ, сионистік режимнің қатысуы мен ықпалы»,-деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғарғы кеңесі хатшысы орынбасарының айтуы бойынша, егер АҚШ аймақ істерінен шеттетіліп, Тель-Авив өз ықпалынан айырылса, Таяу Шығыста тұрақтылық пен тыныштық орнайды.
Кани: «Бұл жағдай аймақтағы барлық елдің дамуы мен өркендеуіне негіз болады», -деді.
АҚШ пен сионистік режимнің әскери басқыншылығына тоқталған Кани Вашингтонның Иранның Жоғарғы көшбасшысын Тегеранмен келіссөз жүргізіліп жатқан уақытта өлтіргенін еске салып, бұл қылмыстың аймақ елдерінде орналасқан америкалық әскери базаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылғанын атап айтты.
Әли Бақери Кани: «Егер АҚШ пен оның әскери базалары аймақта болмаса, біздің өңір әлемдегі ең тұрақты әрі үздік аймаққа айналады», -деді.



















