Иранның Ислам Кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары Әли Никзад Исламабадтағы келіссөздерде тыныстауға шешім қабылдаған америкалық делегация келіссөз үстеліне қайтып оралмағанын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Никзад бұл туралы жергілікті БАҚ-на берген сұхбатта мәлімдеді.
Никзад Иранның Ислам Кеңесі мәжілісі төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибафтың Джей Ди Вэнске берген жауабында келіссөздерге айбынмен, сенімсіздікпен және күмәнмен қатысып отырғанын баса айтқанынын мәлімдеді.
Иранның Ислам Кеңесі мәжілісі төрағасының орынбасары Әли Никзад Пәкістан астанасы Исламбадта өткен келіссөздерге Уиткофф пен Вэнс және Кушнердің келгенін айтып: «Исламабадтағы келіссөздерде Джей Ди Вэнс Қалибафқа сөйлеп: «Біз мұнда айбын және сеніммен келдік» дегенде Қалибаф жауап ретінде: «Біз бұл жерге айбынмен, сіздерге сенімсіздік және күмәнмен қатысып отырмыз, өйткені сіздер келіссөз жүріп жатқан тұста бізге шабуыл жасадыңыздар», — деді.
Соған қарамастан, америкалықтар уәделерін бұзып, тағы талап қойды. Олар: «Біз сіздерге ядролық қызметпен айналысуға рұқсат береміз, бірақ оны 20 жылға тоқтатуларыңыз керек. Сонымен қатар, Ормұз бұғазы саласында Оманмен емес бізбен серіктес болыңыздар.
Сондай-ақ, олар Трамптың Ираннан 450 келі байытылған уранды шығаруды талап етіп отырғанын айтып, мұны өздері үшін өте маңызды тақырып деп атады. Бұл талап бұған дейін олар Натанз бен Фордо нысандарына шабуыл жасағандарын және Иранда енді уран қалмағанын талай рет мәлімдеген жағдайда айтылып отыр.
Келіссөздің осы бөлігінде мәселелер өте шиеленісіп кеткендіктен таңғы сағат 3-те тыныстауға шешім қабылданды. Алайда америкалық делегация келіссөз үстеліне қайтып оралған жоқ», — деді.
Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон арасындағы «бастапқы өзара түсіністік меморандумына» қол жеткізу мақсатында жүргізілген Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы хабарлама алмасу үдерісінің тоқтағанына екі күн болды.
















