Иран Израильге жасаған шабуылдарында Kheibar Shekan, Emad және Qadr-F зымырандарын пайдаланды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран жексенбі күні Израильге жасаған шабуылдарында Kheibar Shekan зымырандарының соңғы буынын, ал кеше, дүйсенбі күнгі шабуылдарында Kheibar Shekan, Emad және Qadr-F зымырандарын пайдаланған.
Фарс ақпарат агенттігінің аталмыш шабуылдардан хабардар әскери дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеуінше, Иран басып алынған аумақтардың солтүстігіне жасаған шабуылдарында Kheibar Shekan зымырандарының соңғы буынын қолданған.
Аталмыш баллистикалық зымырандардың төмен қарай, нысанаға құлдилап бағытталған кезіндегі жылдамдығы шамамен 9 Махқа жетеді. Бұл оларды THAAD және Arrow сияқты әуе шабуылына қарсы қымбат тұратын жүйелермен атып түсіруді қиындатады.
Сонымен қатар, дереккөздің айтуы бойынша, Иранның дүйсенбі күнгі шабуылдарында Kheibar Shekan, Emad және Qadr-F зымырандары қолданылған.
Ислам революциясының Сақшылар корпусы шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Ливанның оңтүстігіндегі ауқымды қылмыстарына, атап айтқанда Сур, Набатия, Бейруттың Дахия аймағы мен басқа өңірлердегі халықты қырып-жойып, босқынға айналдырғанына жауап ретінде осы басқыншылықтың бастау нүктесі саналатын Израиль әуе күштерінің Рамат Давид әуе базасын нысанаға алып, баллистикалық зымырандармен шабуыл жасағанын баса айтты.
















