АҚШ Президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазы маңында елінің әскери тікұшағының құлағанын мойындады.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша Трамп бұл апатты кеше дүйсенбі күні кешке NBA финалын тамашалағаннан кейін Нью-Йорктегі Джон Ф. Кеннеди атындағы халықаралық әуежайында тілшілерге берген сұхбатта растады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазына жақын жерде құлаған тікұшақтың екі пилоты тірі екенін айтты.
Мұның алдында The New York Times басылымы газеті сенімді дереккөздеріне сілтеме жасап, дүйсенбі күні Ормұз бұғазына жақын маңда америкалық Apache типіндегі әскери тікұшақ құлағанын, тікұшақ экипажы сәтті құтқарылғанын, екі пилоттың дін-аман екенін хабарлады.
Сонымен қатар тікұшақтың Иран әуе күштерінің соққысынан құлағаны немесе техникалық ақау мен механикалық бұзылу салдарынан апатқа ұшырағаны әлі белгісіз екендігі айтылды.
Трамп тілшілерге берген сұхбатта аймақ жағдайына да тоқталып, жағдай тынышталатынына сенетінін, себебі тараптар атысты тоқтату бітімін орнатқаны туралы уәж айтты.
Ол Иранмен соғыстағы сәтсіздіктеріне тоқталмастан, Иранға қарсы экономикалық қоршау өздері үшін әскери таңдаудан артық деп уәжденді.
Трамп Иранмен келісім тұрғысында айтқан сөзінде алдағы күндері бұл жайында өзінде идея пайда болуы мүмкін екенін ескертті.
Ол өзінің кәнігі әдетіне басып, Иранмен жақсы келісімге жетуге үміттенетінін, оның келісімі Обаманың келісімінен артық болатынын, Иранның ядролық қаруға қол жеткізуге ешқашан рұқсат бермейтінін қуаттады.
Әлемдік БАҚ Нетаньяхудың Трамптың Иранға жауап бермеу туралы өтінішіне мән бермегенін хабарлаған жағдайда ол: “Мен Нетаньяхуды айыптамаймын. Себебі, Израил шабуылға ұшырады. Онымен жақсы сөйлестік”, — деді.












