Иран Иорданиядағы Америка армиясының әуе базасы мен қолбасшылық орталығын зымыранмен атқылады.
Иран бүгін маусымның 10 күні Иорданиядағы Америка армиясының әуе базасы мен қолбасшылық орталығының төрт маңызды нысанына зымыранмен соққы жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран қарулы күштерінің қоғаммен байланыс қызметі мәлімдеме жасады.
Осы мәліметте Иран күштерінің жау нысаналарына соққы жасау мақсаты дұшпан қаскөйлігінің жалғасуына байланысты қарымта операцияны аяқтау деп аталған.
Мәлімдемеде: “Ислам жасақтары мен ИРСК Әуе ғарыш күштерінің жауынгерлері қатты отынмен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарымен АҚШ-тың Иорданиядағы Әл-Азрақ базасындағы 4 маңызды нысанды, соның ішінде Америка армиясының F-35 жойғыш ұшақтарының ангарлары мен қолбасшылық орталығын нысанаға алып, жойып жіберді», — деп жазылған.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері мұның алдында аймақтағы Американың әуе және теңіз базаларындағы 21 нысанға сәтті соққы жасап, Жам ауданының аспанында MQ-9 ұшқышсыз ұшағын атып түсірді.
Сонымен қатар ИРСК Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлері түнгі сағат 2:30-да Бахрейндегі 5-ші флот пен Кувейттегі Әли әс-Салем базасына да ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасаған болатын.
Мәлімдемеде Иран әскери күштерінің дұшпанның кез келген шапқыншылығына жойқын әрі батыл жауап беруге дайын екендігі баса айтылған.
















