Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Иран әлемге идеяның күші мен мемлекеттік беріктігін дәлелдеді

  • Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 10 июня, 2026 10:52

Loading

Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы Таалайбек Джумадылов Иранның әлемге идеяның күші мен мемлекеттік беріктігін көрсеткенін айтты.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, сарапшы Иран айналасындағы жағдайды жай ғана өңірлік қақтығыс деп шектемей, әлемдік тәртіптің өзгеруіне алып келген әлдеқайда терең үдерістің көрінісі ретінде қабылдаған жөн деген пікірде.

Таалайбек Джумадылов: “Әлемдік даму ағымына бетбұрыс әкелген тұлғалар мен мемлекеттер тарихта аз болмаған. Бүгінде Ислам Республикасы дәл сондай өркениет ошағы ретінде танылып келеді”,-деді.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Сарапшы Иран феномені соңғы бірнеше айдың көлемінде ғана туындаған жайт емес екендігін айтып: “Бұл құбылыс ондаған жылдар бойы шыңдалып, қоғамның беріктігіне, саяси ерік-жігерге, ортақ идея мен сенімге, билікке деген сенімділікке және сыртқы қысымдарға қарамастан ішкі тұтастықты сақтап қалу қабілетіне негізделген”, -деді.

Сарапшының пікірінше, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, Иран сыртқы ірі қауіп-қатерге қарсы мұқият жоспарланған әрі шабуылдың алдын алатын жауап қайтарудың үлгісін көрсетті.

Таалайбек Джумадыловтың айтуы бойынша, Иран қауіп-қатерлерді алдын ала бағалай білді әрі мемлекеттілігін қорғау жүйесін құрып, қарсыластарының экономикалық, қаржылық, әскери және технологиялық басымдығына қарамастан, қысымға төтеп бере алатын қабілетін көрсетті.

Сарапшы Джумадылов Иран Ислам Республикасы төңірегіндегі қақтығыстың жергілікті текетірес аясынан шыққанына көп болды деп есептейді.

Ол Иранның рухани және идеологиялық беріктігіне айрықша тоқталып: “Мемлекетте ортақ идея, қоғамдық тұтастық және билік пен бұқара арасындағы үздіксіз байланыс болмаса, қыруар қаржы, технологиялық басымдық пен әскери қауқар жеңіске жетуге жеткіліксіз.

Дәл осы факторлар Тегеранға сыртқы қысым жағдайында тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді”,-деді.

Сарапшы Ислам Республикасының саяси дәстүріне арнайы тоқталды. Оның айтуынша, бұл жүйеде елге қызмет ету, қарапайымдылық, халықпен етене жақын болу және ұзақ мерзімді тарихи мақсаттарды көздеу басты орында тұр.

Оның пікірінше, бұл тұрғыда Иран материалдық артықшылықтарды, шетелдегі активтер мен жеке әл-ауқатты бірінші орынға қоятын көптеген басқа элиталардан ерекшеленеді.

Сарапшының айтуы бойынша, Иранның бұл тәжірибесі Орталық Азия елдері үшін терең зерделеуді қажет етеді.

Джумадылов: “Өңірдегі заңгерлер, мемлекеттік басқарушылар, саясаттанушылар мен талдаушылар Иранның мемлекеттік құрылым үлгісін, конституциялық негіздерін, экономикалық саясатын, құндылықтар жүйесін және ұлттық тұрақтылық тетіктерін тереңірек зерттеуі қажет”,- деді.

Сарапшының сөзінше, дамудың батыстық үлгісі бүгінде терең дағдарысты бастан кешіруде.

Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы: “Қазіргі таңда Батыс саясатына қос стандарт қолдану, үстемдік көрсету және өз дегенін өзге мемлекеттерге күштеп таңу әрекеттері жиі сын ретінде айтылып жүр.

Осындай жағдайда тәуелсіздікке, әділдік пен өркениеттер алуан түрлілігін құрметтеуге негізделген жаңа көзқарастардың маңызы арта түспек.

Иранның бұл тәжірибесі жалпы Орталық Азия аймағы, соның ішінде Қырғызстан үшін тек теориялық тұрғыдан ғана емес, іс-жүзінде де үлкен маңызға ие.

Бұл аймақ экономикалық, әскери және саяси мүмкіндіктері әлдеқайда жоғары ірі державалардың мүдделер тоғысында орналасқан. Сондықтан шағын және орта мемлекеттер үшін сыртқы қысым жағдайында өз тұрақтылығын қалай қалыптастыру және егемендігін қалай қорғау керектігін түсіну маңызды”, -деді.

Сарапшы Иранның геоэкономикалық маңызына да назар аударып, Қытайдың “Бір белдеу,бір жол” жобасы да, еуразиялық интеграциялық бастамалар да, сондай-ақ “Солтүстік-Оңтүстік” пен “Шығыс-Батыс” транзиттік дәліздері де Ирансыз толыққанды дами алмайтынын айтты.

Сарапшы теңізге шығар жолы жоқ Қырғызстан үшін Иран арқылы өтетін бағыт әлемдік нарықтарға апаратын ең перспективалы жолдардың бірі бола алатынын, Ислам Республикасымен ынтымақтастықты тек сауда мен логистика тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге аймақтық дамудың ауқымды стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде қарастыру керектігін баса айтты.

Таалайбек Джумадылов: “Иран Орталық Азия елдері үшін көлік дәліздері, энергетика, қауіпсіздік және порт инфрақұрылымына шығу мәселелерінде маңызды серіктеске айнала алады.

Иран феноменін жүйелі зерделеу аса маңызды. Иранның тарихы мен сыртқы саясатымен шектелмей, оның мемлекеттік құрылысын, идеологиялық негіздерін, басқару үлгісін, экономикалық бағытын және сыртқы қысымдарға төтеп беру тетіктерін де терең зерттеу қажет.

Орталық Азия елдері үшін бұл тәжірибе қауіпсіздік, тұрақтылық және ұлттық даму мәселелерінде маңызды бағдарға айнала алады»,- деп сөзін түйіндеді.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: иранОрталық АзияСарапшыТаалайбек Джумадылов
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Әмірлік Тегеранға Иранның бұғатталған активтерінен 3 миллиард доллар жеткізді

Әмірлік Тегеранға Иранның бұғатталған активтерінен 3 миллиард доллар жеткізді

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.