Иран бірқатар мәселені, соның ішінде мұнай экспорты мен Иран активтерін бұғаттан шығаруды реттеу бойынша келісімге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Арақчидің айтуы бойынша, мұндай келісімге Швейцарияның Бюргеншток қаласында өткен келіссөздер барысында Қатар мен Пәкістанның қолдауының арқасында қол жеткізілген.
Аббас Арақчи: «Пәкістан мен Қатардың араағайындық күш-жігерінің арқасында Ливандағы соғысты тоқтату ісінде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Мұнай және мұнай-химия өнімдерінің экспортына салынған баж салығы жойылып, қоршау жойылды. Кейбір бұғатталған активтер босатылды. Сондай-ақ, Иранды қайта қалпына келтіру мен дамытудың ауқымды жоспары іске қосылды», — деп жазды.
Айта кетейік, кеше, 21 маусым, жексенбі күні АҚШ пен Иран арасындағы тікелей келіссөздер Швейцарияның Бюргеншток қаласында өтті.
















