Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің Парламенттік одағы конференциясының 20-шы отырысына қатысу үшін Бакуге келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мохаммад Бақер Қалибаф сапар барысында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің Парламенттік одағы конференциясының 20-шы отырысының ашылу салтанаты мен тақырыптық сессияларына қатысып, сөз сөйлейді.
Сонымен қатар, Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы отырыс аясында бірқатар ислам елінің Парламент делегациялары және ресми тұлғаларымен екіжақты кездесулер өткізіп, келіссөз жүргізеді.
Иран Ислам кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф бастаған ирандық делегацияны Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Иран Ислам Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаба Дамирчилу мен елшілік қызметкерлері, Әзірбайжан Республикасы Милли Мәжілісі Төрағасының орынбасары Мұса Гасымлы, Милли Мәжілістің Экономикалық саясат, өнеркәсіп және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Азер Амирасланов пен Милли Мәжілісінің Иранмен парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Джаваншир Пашазаде қарсы алды.
Айта кетейік, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің Парламенттік одағының 20-шы отырысы Әзірбайжан Республикасының қабылдауымен «Парламентаралық ынтымақтастық арқылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерде тұрақты әрі инклюзивті экономикалық дамуды нығайту» ұранымен Бакуде басталды.
Осы жиын мен соған қатысты отырыстардың бағдарламаларына Иран Ислам кеңесі Мәжілісі атынан Руһолла Моттафаккер Азад, Мохаммад Меһди Шаһриари, Сейед Яхия Сүлеймени және Сара Фаллахи қатысады. Иран, Баку, Мохаммад Бақер Қалибаф, ИЫҰ
















