Иран Америка өз уәдесінде тұрған жағдайда Вашингтонмен арадағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша өз міндеттемелерін орындауға дайын.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан бұл келісімдердің екіжақты сипатқа ие екенін және Тегеран тек Вашингтон талаптарды орындаған жағдайда ғана өз міндеттемелерін атқаратынын атап айтты.
Пезешкиан: «Келісім — бұл екіжақты мәселе. Егер Америка Құрама Штаттары келісімді сақтаса, біз де өз міндеттемелерімізді орындаймыз»,-деді.
Иран Президентінің айтуы бойынша, Тегеран Америка Құрама Штаттарының мағынасыз арандатушылықтары мен негізсіз қоқан-лоққыларына байсалды қарайды.
Айта кетейік, кеше, 29 маусым күні АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның кездесу өткізуді ұсынғанын және екі елдің ресми тұлғалары меморандумның орындалуын талқылау үшін 30 маусымда Дохада кездесуі тиіс екенін мәлімдеді.
Кейінірек Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролина Ливитт президент Трамптың арнайы өкілі Стив Виткофф пен аға кеңесшісі Джаред Кушнердің келісімнің орындалуын талқылау үшін Дохаға баратынын мәлімдеді.
Алайда, Иран осы аптада АҚШ-пен тікелей келіссөздер жүргізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды.
Тегеран өз делегациясының Дохада өзара түсіністік меморандумының орындалуын Қатармен және араағайын тараптармен талқылау үшін барғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади Дохада АҚШ-пен техникалық келіссөз жүргізу жоспарда жоқ екенін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақайи да Тегеранның қазіргі уақытта өзара түсіністік меморандумының ережелерін орындауға баса назар аударып отырғанын және жақын күндері Вашингтонмен келіссөздер жүргізуді жоспарламағанын растады.












