Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи елге бағытталған қатер толық жойылмайынша, ядролық бағдарлама бойынша түпкілікті келісімге қатысты келіссөз басталмайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Иран халқын да, Қарулы күштерін де шетелдік қысыммен немесе қоқан-лоқымен қорқыту мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Арақчидің айтуынша, Ислам Республикасына төнген қауіп-қатер толық жойылмайынша, елдің ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті келісімге қатысты келіссөз басталмайды.
Министр Арақчидің сөзінше, Иран ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайда келіссөз жүргізуге ниетті емес. Аббас Арақчи бұл туралы Тегеранда шәһид Әли Хаменеимен қоштасу рәсіміне арналған тарихи жалпыұлттық қаралы шеруге қатысқаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, тікелей дипломатияны қайта бастау шарттарын Батыстың қастық әрекеттерінің тоқтатылуымен байланыстырды. Иран Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчидің айтуынша, миллиондаған ирандық аятолла Әли Хаменеи мен оның мәңгілік мұрасына құрмет білдіру үшін бірлік пен ынтымақ танытып, жиналған. Оның сөзінше, Иран халқы да, елдің айбынды қарулы күштері де ешқандай қауіп-қатерден қаймықпайды.
Арақчи қазіргі дипломатиялық үдерістің тетіктеріне тоқталып, тараптар арасында қол жеткізілген келісімдерде көзделген міндеттемелерді еске салды. Оның айтуынша, өзара түсіністік туралы меморандумның 13-тармағында бұл мәселе нақты көрсетілген.
Америка Құрама Штаттары мен ядролық келіссөздерге қатысушы тараптарға үндеу жасаған Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи дипломатиялық міндеттемелердің сақталуы қажет екенін атап айтып: «Қол қойған келісімдеріңізді орындаңыздар», – деп қатаң ескерту жасады.



















