Тегеран Еуропалық Одаққа мүше елдермен келіссөздерде оларды АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдарына қандай да бір көмек көрсетпеуге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Тегеранда аккредиттелген халықаралық дипломатиялық өкілдіктердің делегаттарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Арақчи кездесу қорытындысы бойынша Telegram-арнасында: «Еуропа елдерімен келіссөздеріміз өте ашық өтті. Олар Иранға қатысты ұстанымдарын қайта қарастырады деп үміттенеміз», – деп жазды.
Иран министрі НАТО Бас хатшысы Марк Рюттенің Еуропа елдерінің АҚШ-тың Иранға қарсы операцияларына қатысуына қатысты айтқан сөздерін де еске салып: «Марк Рютте Еуропадағы әскери базалардан Иранға жасалған шабуылдарды қолдау үшін 5 мыңнан астам америкалық жойғыш ұшақтың әуеге көтерілгенін ашық мәлімдеді. Біз әлі де Еуропа елдерінен олардың Иранға қарсы бұл соғысқа неліктен соншалықты белсенді қатысқаны туралы сұраққа жауап күтіп отырмыз», – деді.
Оның айтуынша, Тегеран Еуропа елдеріне Иранмен келіссөздер жүргізіп, АҚШ пен Израиль тарапынан жаңа қақтығыстың тұтануына ықпал ететін кез келген әрекетке қатысудан бас тартуды ұсынған.
Марк Рютте бұған дейін, яғни 8 шілдеде ақпан айының соңынан бастап Вашингтон мен Тегеран арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгенге дейін Еуропадағы әскери базалардан АҚШ операциясын қолдау мақсатында шамамен 5 мың әскери ұшу орындалғанын мәлімдеген болатын.
Осылайша, НАТО басшысы еуропалық одақтастардың АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына белсенді түрде көмектескенін дәлелдеп, Дональд Трамптың сынын теріске шығарды.


















