Ақ Үйдегі қазіргі Президент Дональд Трамп — саясаткерден бұрын, объективтер мен фотоаппараттар жарқылынан қуат алатын, танымалдыққа құмар адам.
Әлемде көшбасшы болудан үміткер елдің президенті — Әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау мінберінен кетуін Испания құрамасының капитанынан бастап Инфантиноға дейін өтініп, соңында фотосуреттен Photoshop арқылы өшірілген 80 жастағы шал.
Трамптың Әлем чемпионатының жеңімпаздарын ұлықтау рәсіміндегі нарциссизмі тағы да БАҚ-тың назарына ілікті. АҚШ-тың «Mr. Camera-сы» Ақ үйге келмей тұрып-ақ көзге түсу комплексінен зардап шегетін, бұл тіпті оның саяси шешімдеріне де әсер етіп жүр. Таңғы сағат 3-тегі “жарылыс” сияқты твиттерінен бастап, кез келген жағдайда назарға ілігуге ұмтылысына дейін — Трампты ауруы асқынған нарцисс деп айтуға болады. Тіпті АҚШ президенті лауазымы да оның танымалдыққа деген құлшынысын бейтараптандыра алмады.
Трампты саяси билік пен медиа-шоудың арасындағы шекараны іс жүзінде жойған саясаткер атауға болады. Ол саяси тұлғаға айналмас бұрын, теледидар мен медианың адамы болды. Оның камера алдында көрінуі қоғамдық болмысының ажырамас бөлігіне айналған.
«Үйдегі жалғыз 2» фильміндегі нарцисс
«Үйдегі жалғыз 2» фильмінде басты рөлдегі бала қонақүйдің холында бір кісіден жол сұрайды. Бұл кісі — жылжымайтын мүлік арқылы байып, танымалдыққа ұмтылып, камера жағалап жүрген Дональд Трамп еді. Трамп сонымен қатар Уилл Смит, Лиз Херли сияқты жұлдыздармен бірге түрлі фильм мен сериалдарға түскен.
Трамптың есімі бірінші президенттік кезеңіндегі жеңісінен кейін бүкіл әлемге жайылғанымен, Америка халқы бұл құмар ойыншыны бұрыннан танитын. Ол кейде қатыгез ережесіз жекпе-жек рингіне шықса, кейде өз бизнесінің жарнамалық жобаларына өзі түсіп, камера алдына шығатын.
Трамптың АҚШ ішінде «жұлдыз» болуға ұмтылысы халық пен БАҚ өкілдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Голливудтың белгілі актері әрі продюсері Джордж Клуни оны «шешен жұлдыз» деп атап: «Трамп — көңіл көтертетін танымал тұлға!» — деген болатын.
НАТО саммитіндегі Трамп феномені
2017 жылдың мамыр айында Трамптың бірінші президенттік мерзімі басталғаннан бес ай өтпей жатып, ол НАТО саммитіне қатысты. Рәсімге қатысушы басқа көшбасшылармен суретке түсу сәтінде бірінші қатарға өтіп, кадрдың ортасында тұру үшін Черногория премьер-министрін жұрттың көзінше итеріп жіберді.
Бұл оқиға Трамптың халықаралық жиындардағы сөкет қылықтарының алғашқыларының бірі болғанымен кейін мұндай әрекеттер дағдылы әдетке айналды. 2018 жылы жазда НАТО мүшелерінің кездесуінде France 24 басылымы: «Трамптың өзін көрсетуге құмарлығы — НАТО саммитіндегі ең үлкен қауіп» — деп жазды.
Халықаралық саммиттерде немесе АҚШ ішіндегі іс-шараларда Трамп әрдайым суретке түсу үшін ең жақсы орынды таңдауға тырысады. Бұл даңққұмарлық пен шектен тыс көзге түсу дерті оның бірінші президенттігінде біртіндеп дамып, екінші мерзімінде шырқау шегіне жетті.
Трамп Ақ үйге екінші рет келгеннен бір ай өткенде британдық «The Guardian» басылымы оның Консервативтік саяси әрекеттер комитетіндегі (CPAC) сөзіне сілтеме жаса, Трампты «билікке масаттанған, өзін құдайдың өкілі санап жүрген адам» деп сипаттады.
«Спорт» — жұрттың назарында болу үшін сылтау
Трамптың көзге түсуге ұмтылысының жуырдағы мысалы — 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы Испания құрамасының жеңіс тойына қатысуы. Трамп соңғы сәтке дейін мінберде қалып, Испания командасының фотосуретіне түсуге тырысты. Оның құзыры соңында ФИФА президенті Джанни Инфантиноның араласуымен шектелгенімен, Испания футбол федерациясы жеңіс суретінен Трамп пен Инфантиноның бейнесін Photoshop бағдарламасымен өшіріп тастауға мәжбүр болды.
Әрине, Трамптың Әлем чемпионатының жеңіс тойына күшпен сұғынуы — спортты назарда болу үшін пайдалануының жалғыз оқиғасы емес. Былтыр шілде айында Нью-Джерсидегі «MetLife» стадионында Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы өткенде де «Челсидің» жеңіс тойына мүлдем шақырылмаған қонақ келіп қосылған еді.
Ол рәсімде де Трамп Әлем чемпионатындағыдай кубокты Инфантиномен бірге көтеріп жүріп алды. Чемпион командаға медаль тапсырылғаннан кейін де кубокты жоғары көтеру сәтінде сахнадан кетпей қойды. Бірақ мұндай әрекетті Әлем чемпионатында қайталай алмады. Испания құрамасының капитаны Родри Трампты ойыншылардың арасынан шығарып тастады.
















