Иран СІМ ақпарат хатшысы Исмаил Бақайи АҚШ-тың агрессивті әрекеттерін Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікке нұқсан келтіріп, халықаралық сауда кемелерінің қозғалысын бұзған басты фактор деп атады.
Исмаил Бақайи: «АҚШ пен сионистік режим Иранға шабуыл жасаған 28 ақпанға дейін Ормұз бұғазы толығымен ашық болды. Вашингтон біздің аймаққа заңсыз әрі жабайы соғысты таңып, кеме қатынасының қалыпты ағынын бұзды: мұнай танкерлері тоқтап қалды, сауда тоқырап, энергия бағасы күрт өсті. Енді Вашингтон Иранды өзі себепкер болған дағдарыыс пен қауіпсіздіктің бұзылуына кінәлі етіп көрсетуге және бүкіл әлемді өзінің заңсыз әрекеттерінің ауыр зардаптарын төлеуге мәжбүрлеуге әрекет етуде.
Вашингтонның пікіріне сәйкес, АҚШ бастаған соғыстың бейнесі өзгертіліп, әлемге Иран әрекетінің салдары ретінде ұсынылуы керек. Соғысты АҚШ бастады, бірақ бүкіл әлемнен оның шығынын төлеуді күтеді. Сөйте тұра, Иранды өзі тудырған бейберекеттікке кінәлі етіп көрсетеді. Шындықты былай бұрмалау — мағынасыз әрі негізсіз!»
Иран СІМ-нің ресми ұстанымы мен саяси айыптауларына сәйкес, АҚШ Ормұз бұғазындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірнеше негізгі бағыт бойынша бұзды.
Әскери шабуылдар мен тікелей қақтығыс
АҚШ пен оның одақтастарының Иран аймақтарына жасаған әскери соққылары бұғазды тікелей соғыс аймағына айналдырды. Мұндай әскери іс-қимылдар халықаралық су айдынындағы қауіпсіз кеме қатынасына тікелей қатер төндірді.
Аймақты милитаризациялау
АҚШ-тың Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы маңында әскери-теңіз күштерін шамадан тыс шоғырландыруы, әскери кемелер мен авиацияны белсенді орналастыруы аймақтағы шиеленісті шегіне жеткізіп, кез келген кездейсоқ инциденттің ауқымды қақтығысқа ұласу қаупін арттырды.
Коммерциялық кеме қатынасының тоқтауы
Әскери іс-қимылдар мен қауіп-қатердің күшеюі салдарынан халықаралық мұнай танкерлері мен жүк кемелері қозғалысын тоқтатуға немесе бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Теңіз тасымалының сақтандыру бағасы өсіп, коммерциялық логистика бұзылды.
Жаһандық энергетикалық әбігер
Ормұз бұғазы — әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 паййызы өтетін ең басты транзиттік күретамыр. Бұл аймақтағы қауіпсіздіктің бұзылуы шикізат экспортын бұғаттап, әлемдік нарықта энергия тасымалдаушылар бағасының күрт өсуіне әкеп соқты.
Халықаралық құқық нормаларын бұзу
Иран тарапы АҚШ-тың бұл әрекеттерін халықаралық теңіз құқығы мен БҰҰ Жарғысына қайшы келетін агрессия ретінде бағалайды. Тегеранның пікірінше, Вашингтон бұғаздағы өз әрекеттерінен туындаған бейберекеттікті Иранға жауып, саяси манипуляция жасауда.
















