АҚШ-тың Иранға қарсы жүргізіп отырған экономикалық соғысы сәтсіздікке ұшырайды.
Eurasia Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи мәлімдеді.
Резаи бұл жағдайдың Вашингтонның бұған дейінгі әскери қақтығыстар кезіндегі ұстанымына ұқсас болатынын айтты.
Генерал-майор Мохсен Резаи әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің Иранға қарсы экономикалық блокаданы жетістік ретінде көрсету қадамын қатаң сынға алып, оның күйрегенін жазды.
Резаи бұған дәлел ретінде Bloomberg басылымының материалын мысалға келтірді. Оның айтуынша, бұл мақалада Скотт Бессенттің АҚШ-тың Иранға қарсы саясатының ішкі экономикаға, атап айтқанда жанармай бағасының қымбаттауына тигізетін зардаптарын жасыруға тырысқаны қатты сыналған.
Резаи: «Бессенттің қисынсыз болжамдары ешқашан сенім тудырған жоқ. Оның қазіргі үгіт-насихаты да ұзаққа созылмайды», — деп жазды.
Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысының бұл мәлімдемесі Вашингтон мен Тегеран арасындағы экономикалық және саяси қайшылық ушығып тұрған кезеңде жасалды.
Мохсен Резаи АҚШ-тың Иранға қарсы қысым жасау стратегиясы бұған дейінгі сәтсіз әскери әрекеттер сияқты нәтижесіз аяқталатынына сенімді.



















