АҚШ президенті Иранмен соғыстың тез аяқталатыны туралы мәлімдемесін қайталап, соғыс біткеннен кейін мұнай бағасы түсетінін айтты.
АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін сәрсенбі күні таңертең Иранмен соғыстың тез аяқталатыны туралы мәлімдемелерін тағы қайталады.
Трамп Солтүстік Каролина штатында Республикалық партия жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде былай деп мәлімдеді:
«Иранмен соғыс кез келген жол арқылы өте жылдам тоқтайды. Ал соғыс аяқталған соң мұнай бағасы күрт арзандайды».
Иранға қарсы таңылған соғыстың америкалық салық төлеушілерге түсірген орасан зор шығынын ақтауға тырысқан Трамп:
«Әлемдегі мемлекеттік терроризмді ең көп қолдайтын елдің ядролық қаруға ие болуына жол бермеу үшін төлеп жатқан құнымыз — өте аз шығын», — деді.
АҚШ президенті өз мәлімдемелерін жалғастырып:
«Ирандықтар аралық сайлаудан кейін соғысты ұзаққа созуды армандап отыр. Бірақ бұл соғыс өте тез бітеді», — деді.
АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеген Трамп:
«Біз АҚШ-тың бұрынғы Үкіметтері мен президенттері Иранға қатысты әлдеқашан жүзеге асыруы тиіс болған әрекетті орындадық», — деп мәлімдеді.
Ол сөзін былай деп жалғастырды:
«Біз қазір ғана әлемдегі ең нашар елдің қолынан ядролық бомбаны тартып алдық. Ал бензин бағасына келсек, бұл — азғантай шығын. Бензин бағасы Обама мен ұйқышыл Джо Байден кезіндегіден де төмен».












