Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибаф АҚШ басшылары мен халқына Иранмен соғыстың ауыр шығындары болатынын ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибаф АҚШ-тың шешім қабылдаушылары мен халқына қаратып: «Егер қате жолды таңдасаңыздар, ешқандай пайда көрмейсіздер. Оның барлық салдары ащы әрі қараңғы болады», — деп жазды.
Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Бақыр Қалибаф X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында америкалық мәдениетке сай “мем” жариялап, Иранмен соғыстың түрлі салдарына тоқталды: «Егер Иранмен соғысу сіздерге пайда әкеледі деп ойласаңыздар, қателесесіздер, өйткені бұл таңдаудың сіздер үшін кемінде 10 ащы зардабы болады. Олардың қатарына қор биржасының құлауы, ұшақтардың апаты, қарыз бен инфляцияның өсуі және қаза тапқан әскерилер санының артуы кіреді».
Ол сондай-ақ, барлық салдардың Америка қоғамы үшін қараңғы болатынын атап айтып: «Бұл жолмен жүруге мәжбүр емессіздер, бірақ егер осы таңдауды жасасаңыздар, барлық салдарын көтеруге тура келеді.
Қолдан жасалған матрицаны бұзып, ащы әрі соңы жоқ ойыннан шығыңыздар», — деді.
















