Елі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы агрессиялық шабуылдарын қолдаған Германия Сыртқы істер министрі бүгін, жұма күні Иранмен арадағы қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенін айтты.
Германия Сыртқы істер министрі Йохан Вадефуль Германия, Франция және Ұлыбританияның Иранмен оның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
“Еуропалық үштік” деп аталатын Германия, Франция және Ұлыбритания – 2015 жылы Иран мен әлемнің бес державасы арасында жасалған келісімнің еуропалық мүшелері.
Осы елдер АҚШ “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасы атты келісімнен шыққаннан кейін бұл қадамның Иран үшін салдарын өтеуге уәде берген болатын.
Еуропалық үш елдің Иран алдындағы уәделерін орындамауы Иранның бір жылдан кейін өзінің ядролық міндеттемелерін қысқартуына жеткізді.
Еуропалық үш ел былтыр Иран, Ресей және Қытай заңсыз санаған Иранға қарсы Snapback mechanism іске қосты.
Германия мен басқа еуропалық елдер кезінде АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған заңсыз шабуылдарын айыптамағанымен қоймай, Германия бұл шабуылдарды тіпті қолдады. Германия канцлері өткен жылы мамыр-маусым айларында болған 12 күндік соғыс кезінде (ядролық нысандары Израиль режимінің шабуылдарына ұшырағанда: “Израиль Иранға қарсы «біздің орнымызға лас жұмысты» атқарып жатыр” деген болатын.
Дегенмен Йохан Вадефуль енді Иранға қатысты әскери шешім жоқ деп отыр. Ол сондай-ақ ешқандай жағдайда аймақта шиеленістің жаңа кезеңі басталмауы керек екенін айтты.
Ол қақтығыс туындаған жағдайда тек аймақ қана емес, сонымен бірге әлемдік экономика мен Еуропа азаматтары да ауыр зардап шегетінін қуаттады.












