Сарапшы Абдел Бари Атван АҚШ-тың Иранға қарсы негізсіз айыптауына пікір білдіріп, АҚШ пен НАТО-ның Иранның әскери өнеркәсібінің ілгерілеуіне қатысты алаңдаушылықтарының артып келе жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Абдел Бари Атванның мақаласы Rai al-Youm басылымында жарияланды.
Абдел Бари Атван мақаласында: «АҚШ-тың Иранды Ресейге баллистикалық зымыран жіберді деп айыптауы АҚШ пен НАТО-ның Иранның әскери өнеркәсібінің ілгерілеуіне, әсіресе зымыран саласындағы жетістіктеріне қатысты алаңдаушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді»,- деді.
Атван The Wall Street Journal басылымында жарияланған АҚШ-тың Иранның Ресейге баллистикалық зымыран жібергені туралы айыптауын қабылдамай: «АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға құны 250 миллион доллар болатын соңғы үлгідегі қару-жарақ бергенін жариялаған тұста Иранға қарсы жасалған бұл айыптаудың көтерілуі таң қалдырады»,-деді.
Сондай-ақ, сарапшы Иранның БҰҰ-дағы өкілінің мәлімдемелеріне сілтеме жасап: «Иранның БҰҰ-дағы өкілі The Wall Street Journal басылымында жарияланған хабарды үзілді-кесілді теріске шығарып, оны негізсіз деп санады. Бұл жалған хабарды АҚШ, Франция және Ұлыбритания тарата бастады»,- деп жазды.
Атван Украинаға батыстық және соңғы үлгідегі қару-жарақпен, әсіресе АҚШ-тың Украинаны қолдауы бұл соғыстың созылуына себеп болғанын айтты.
Сарапшы АҚШ Үкіметі де Ресей жерін нысанаға алуы үшін Украинаға ұзақ қашықтықтағы зымырандарды беруді көздеп отырғанын және Мәскеу мұны соғысқа тікелей араласу деп санайтынын айтады. Атван мақаласында миллиардтаған долларлық заманауи қару-жарақты, соның ішінде «F-16» жойғыш ұшақтарын, «Патриот» секілді зымырандарын және жаңа танктерді Украинаға жіберуді заңды деп тануды екіжүзділіктің шегі деп атады. Сонымен қатар сарапшы Израильдің Газа секторындағы қылмыстарын қолдаған АҚШ-тың жаһандық деңгейдегі орнының төмендеуіне тоқталып: «АҚШ Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен сионистік лоббиден үрейленіп, Газа секторына қарсы соғысты тоқтата алмады»,- деді.
Атван мақаласының соңында: «АҚШ-та бұрынғы отаршыл империялардың, соның ішінде Франция, Ұлыбритания, Португалия және Бельгиядағы жағдайға ұқсас жаңа көпполярлық қалыптасуда», -деп жазды.
Украинадағы соғыс басталғалы бері Батыс елдері ешқандай дәлелсіз «Иран Ресейге қару сатты» деген уәждерімен Тегеранды Украинадағы соғыстың созылуына әсер етті деп айыптап келеді. Иранның Ресейге баллистикалық зымырандарын жеткізуі мүмкін деген мәліметтер 2022 жылдың күзінен бастап тарала бастады. Иран Ислам Республикасының билігі бұл айыптауды бірнеше рет теріске шығарды. Жуырда Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Украинадағы соғыста пайдалану үшін Тегеранның Ресейге қару-жарақ жеткізгені жөніндегі ақпаратты теріске шығарып: «Украинадағы соғыс үшін Ресейге Ираннан қару-жарақ жеткізілгені жөніндегі мәлімдемелерді үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Иранға айып таққандардың өздері Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыруда маңызды рөл атқарады, — деп баса айтты.



















