Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөздер жүргізу үшін Тегеранға келді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Гросси қарашаның 13, сәрсенбі күні Тегеранға келді. Оны әуежайда Иран Атом Қуаты Ұйымының баспасөз хатшысы Бехруз Камалванди қарсы алды.
АЭХА бас директоры бейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Мохаммад Эсламимен келіссөздер өткізеді.
Гросси Теһранға сапарынан бір күн бұрын АЭХА инспекторларының Иранның ядролық бомба жасап жатқанына ешқандай дәлелі жоқ деп мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, Ислам Республикасына сапары барысында ирандық басшылармен келіссөздерде шешілмеген кепілдік мәселелері бойынша ілгерілеушілік болады деген үміт білдірді.












