Иран, Ресей және Түркия ортақ мәлімдеме жариялап, сионистердің Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы қылмыстары мен басқыншы режимнің Ливан мен Сирияға шабуылдарын айыптады.
Еуразия Тудейдің Iran.ru сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша сейсенбі күні Астанада өткен Сирия бойынша келіссөздер барысында Иран, Ресей және Түркия ортақ мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Батыс Азия аймағындағы басқыншылық әрекеттерін айыптап, халықаралық оны құқықты бұзу деп атады.
Иран, Ресей және Түркия сионистік режимнің Газадағы қырғынын, сондай-ақ Ливан мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарсы агрессиясын айыптап, атысты тоқтатуға шақырды.
Олар сондай-ақ Сириядағы басқыншы режимнің барлық әскери шабуылдарын айыптап, бұл әрекеттерді халықаралық құқықты бұзу деп атады.
Үш ел сонымен қатар Батыс Азиядағы зорлық-зомбылықтың күшеюі Сириядағы жағдайға кері әсер ететінін баса айтты.
Иран, Ресей және Түркия БҰҰ құрылымдары Сириядағы қақтығыс өршіп кеткеннен кейін ол жаққа қоныс аударған ливандық босқындарға көмектесу үшін шара қабылдауы керектігін баса айтты.
Олар Анкара мен Дамаск арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін күш-жігерді жалғастырудың маңыздылығын қуаттады.
Иран, Ресей және Түркия Идлиб деэскалация аймағы мен оның төңірегіндегі жағдайдың тұрақты түрде қалыпқа келуін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін көбірек күш салу қажет деп келісті.
















