Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты қазіргі әлемдік мұнай қоры болжамды сұраныстың шамамен 101 күнін ғана өтей алады.
Goldman Sachs банкінің сарапшылары әлемдік мұнай қорының соңғы сегіз жылдағы ең төменгі деңгейге дейін азайғанын ескертуде. Бұл жағдай нарықты кез келген күйзеліс алдында әлсіретеді.
Goldman Sachs банкінің есебіне сәйкес, қазіргі әлемдік мұнай қоры болжамды сұраныстың шамамен 101 күнін ғана өтей алады. Бұл — соңғы сегіз жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Нью-Йорк трансұлттық банкінің сарапшылары Ормұз бұғазы арқылы танкерлердің өтуіне қойылған шектеулерді ескере отырып, мамыр айының соңына қарай бұл көрсеткіш 98 күнге дейін қысқаруы мүмкін екенін айтуда.
Goldman Sachs банкі сонымен қатар, қордың тарихи абсолюттік минимумы күтілмесе де, олардың кему жылдамдығы мен бос қуаттардың шектеулілігі нарықта үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын баса айтты.
Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, әлемдік қордың ең төменгі шегіне жете қоюы екіталай, алайда қордың сарқылу жылдамдығы мен кейбір аймақтардағы жеткізілімдердің тоқтауы, сондай-ақ өнімнің кейбір түрінің тапшылығы алаңдаушылық туғызып отыр. Банктің есептеулері бойынша, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери қақтығысы басталғанға дейін әлемдік мұнай өнімдерінің қоры 50 күндік тұтынуға жететін еді. Қазіргі уақытта бұл қор 45 күндік тұтыну деңгейіне дейін қысқарды.
30 сәуірде Brent маркалы мұнай бағасы соңғы төрт жылдағы ең жоғарғы көрсеткіштен асып, барреліне $126 құрады.












