Ирак Тегеран мен Вашингтон арасындағы келіссөздерге араағайын бола алатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, мұндай ұсынысты Ирак Премьер-министрінің міндетін атқарушы Әли әл-Заиди Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатында айтты.
Әли әл-Заиди келіссөз қорытындысы бойынша X әлеуметтік желісінде: «Ирак қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешу ұстанымын қолдайды. Бағдат Иран мен Америка Құрама Штаттары арасында делдал бола алады», -деп жазды.
Айта кетейік, Ирак күштерінің үйлестіру кеңесі дүйсенбі, 27 сәуір күні Бағдатта Әли әл-Заидиді Премьер-министрлікке кандидат етіп ұсынды. Ирак президенті Низар Амиди Әли әл-Заидиге жаңа үкімет құруды тапсырды. Ирак Конституциясына сәйкес, кандидат ұсынылғаннан кейін кабинет құру және Парламенттен сенім дауысын алу үшін 30 күн мұрсатқа ие.
















