Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Нью-Йорк сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсиспен кездесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина және көпжақтылық мәселелеріне арналған отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсиспен кездесіп, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сөйлесті.
Бас ассамблеяның төрағасы Деннис Фрэнсис осы кездесуде Иранның әсіресе көрші елдермен және аймақпен қарым-қатынасты дамыту арқылы аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сындарлы рөлін жоғары бағалады.
Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери осы отырыста Палестина мен Газадағы соңғы өзгерістер мен сионистік режимнің қылмыстарына тоқталып, Бас ассамблея мен осы ассамблея төрағалығының қарарлар қабылдап, сындарлы шешімдерді бекітуге, Ассамблеяның Палестинаға қолдау көрсету және Газадағы шабуылдар мен геноцидті тоқтату шараларына қатысты талпыныстарын жоғары бағалады.
Бақери сионистік режимнің Газа халқына қарсы шабуылдары мен қылмыстарын және геноцидін тоқтату үшін тиімді талпынысты арттыруға шақырды.
Бақери сондай-ақ, Иранның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы үдерісін түсіндіре отырып, Бас ассамблеяның біржақты санкцияларға қатысты күш-жігеріне алғыс айтты.
















