Тегерандағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи дауыс берді.
Әли Хаменеи дауыс бергеннен кейін сөз сөйлеп, бүгінгі сайлау күнін ирандықтар үшін «қуаныш пен шаттық күні» деп атап, баршаны сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар Иранның діни жетекшісі Ислам Республикасының беріктігін, оның беделі мен абыройын ирандықтардың дауыс беруге қатысуымен байланысты деп атады.











Discussion about this post