Әзербайжан Президенті Илһам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Еуразия Тудейдің Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.












