Ақтау маңында әуе апатына ұшыраған ұшақ жолаушыларынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды.
Еуразия Тудейдің Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабаралауы бойынша Ақтау маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші жеткізілді. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді.
Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылды. Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті. Оларды операцияға дайындауда.
Көпбейінді облыстық ауруханаға түскендер бойынша ақпарат:
| № | Т.А.Ә. | Жасы | Азаматтық |
| 1 | Асанов Ринат | 03.11.2004 ж.т. | Қырғызстан |
| 2 | Османов Т. | 20.08.1998 ж.т. | Қырғызстан |
| 3 | Джумалиев Е. | 04.07.1988 | Ресей |
| 4 | Евстегнеева К. | 30.07.1990 | Ресей |
| 5 | Байрамзара А. | 28.03.2004 | Әзербайжан |
| 6 | Алиев З. | 05.06.1998 | Әзербайжан |
| 7 | Жалелов Н. | 01.09.1992 | Әзербайжан |
| 8 | Мамедов З. | 17.08.1988 | Ресей |
| 9 | Сираков Н. | 17.03.1953 | Әзербайжан |
| 10 | Арысбаева М. | 06.02.1980 | Ресей |
| 11 | Асадов С. | 15.08.1967 | Әзербайжан |
| 12 | Бисекеева Д. | 1970 ж.т. | Ресей |
| 13 | Караев Н. | 07.06.1988 | Әзербайжан |
| 14 | Сейдахматова М. | 1975 ж.т. | Ресей |
| 15 | Кадиров Г. | 28.05.1978 | Әзербайжан |
| 16 | Разимли А. | 20.09.1999 | Әзербайжан |
| 17 | Эдиев У. | 15.09.1969 | Ресей |
| 18 | Белгісіз
аты Азой |
Ресей | |
| 19 | Джапаров Т. | 26.04.1992 | Әзербайжан |
| 20 | Дережиев Т. | 09.01.1959 | Әзербайжан |
| 21 | Дирбисиков С. | 12.30.1986 | Әзербайжан |
| 22 | Папахов С. | 30.10.1976 | Ресей |
| 23 | Кафа Ш. | 26.01.1981 | Әзербайжан |
| 24 | Белгісіз Лейла | 1996 ж.т. | Әзербайжан |
| 25 | Рахимов С. | 30.10.1976 | Ресей |
| 26 | Белгісіз әйел | 32 жас | белгісіз |
| 27 | Белгісіз әйел | 40 жас | белгісіз |
| 28 | Арсбаева М.
(бала) |
13.08.2013 | Германияда тұрады
азаматтығын білмейді |
| 29 | Джерова С.Х.
(бала) |
22.01.2008 | Әзербайжан |
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Ақтау қаласына Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Фаттах оглы Гейдаров жетті.
ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды. Оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді.
Жалпы операцияға азаматтық қорғау қызметінің жеке құрамынан 701 адам және 82 бірлік техника жұмылдырылуда.
Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190ar әуе кемесі апатты жағдай жариялап, Ақтау әуежайына қонуға жағдай жасау туралы ақпарат түсті. Қону уақыты шамамен сағат 11:25 деп белгіленді.
Алдын ала ақпарат бойынша бортта 69 адам, оның ішінде 5 экипаж болған.
Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді.
Сағат 11: 30-да әуежайдан 3 километр жерде ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты жоғары ранг бойынша ТЖД күштері мен құралдары қосымша жіберілді.
















