Сионистік режим премьер-министрінің сайлаудағы басты қарсыласы Нетаньяхуды қиялға берілген адам деп атап, оның Иранда ешқашан ядролық қару болмағанын жақсы білетінін баса айтты.
Еуразия Тудейдің «Әл-Қастал» ақпарат порталына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл мәлімдемені Биньямин Нетаньяхудың сайлаудағы басты қарсыласы Гади Айзенкот жасады.
Бұған дейін Израиль режимі армиясы Бас штабының бастығы қызметін атқарған Айзенкот: «Нетаньяху — елес әлемінде өмір сүретін адам. Нетаньяху Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмағанын біледі», — деді.
«Яшар» партиясының жетекшісі Гади Айзенкот мұның алдында да Нетаньяхудың Израиль премьер-министрі қызметін атқаруға бұдан былай лайық емес екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, оның Тель-Авивке қарсы ықтимал халықаралық санкцияларға төтеп беруге бағытталған экономикалық жоспары Израильдің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтқан.
Айзенкоттың айтуынша, Нетаньяхудың жуырдағы мәлімдемелері оның шынайы өмірмен байланысын жоғалтып, елестер әлеміне енгенін көрсетеді. Өйткені Нетаньяху Израильдің өзін әлемдікк қаржы жүйесінен толық оқшаулай алатыны туралы уәж айтқан.
«Бұл — енді премьер-министр болуға лайық емес адамның ақылға сыймайтын әрекеті», — деді ол.
Айзенкоттың бұл мәлімдемесі өзі мен оның сайлауалды коалициясы сауалнамаларда биліктегі «Ликуд» партиясының жетекшісі Нетаньяхудан алда келе жатқан жағдайда жасалды.
















