БҰҰ-ның лауазымды тұлғасы сионистік режимнің қатыгез әрекеттерін қатаң сынға алып, араб елдерін бұл режиммен ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Франческа Альбанизе «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында: «»Сумуд» флотилиясының белсенділері Израильдің шынайы бет-бейнесін әшкереледі. Оларды ұстау — теңіз қарақшылығы әрі заңбұзушылық.
Еуропа елдерінің Израильдің «Сумуд» флотилиясы белсенділеріне қарсы жасаған бұл агрессиясына берген реакциясы кешігіп жетті. Араб елдерінің Израильмен ынтымақтастықты тоқтатып, Тель-Авивке қысым көрсететін уақыты келді.
Израильді халықаралық құқықты құрметтеуге мәжбүрлеу керек. Израиль тарапынан ұсталғаннан кейін төрт мың палестиналық жоғалып кетті. Бұл жағдайға бірінші кезекте Бен-Гвир жауапты. Израиль палестиналықтарды азаптауда. Бұл озбырлық әрекеттер олардың жауапкершілікке тартылмауынан туындап отыр», — баса айтты.
















