Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Иран президенті Масуд Пезешкиан 20 тамызда Минскіде келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Мемлекет басшыларының кездесуі Тәуелсіздік сарайында шағын және кеңейтілген құрамдарда өтеді.
Одан кейін екі мемлекет арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған екіжақты құжаттарға қол қойылды.
Александр Лукашенко мен Масуд Пезешкиан Беларусь пен Иран арасындағы сауда, инвестиция және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық, ғылым, техника, білім саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, мемлекеттердің халықаралық құрылымдар, соның ішінде ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС, БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылы тақырыптарын талқылайды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбы басты назарда болмақ.
Айта кетейік, Беларусь президенті Александр Лукашенко Иран президенті Масуд Пезешкианмен алғаш рет 2024 жылғы 24 қазанда Қазандағы БРИКС саммиті аясында кездесті. Александр Лукашенко Масуд Пезешкианды ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін қолайлы уақытта Минскіге келуге шақырды.
Еске салайық, Иран президенті қазір Ереванда алғашқы ресми сапармен жүр.












