Иранның “Zafar” және “Paya” жерсеріктері 2025 жылдың күзінде Ресейдің “Союз” тасымалдаушы зымыранының көмегімен орбитаға шығарылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ғарыш ұйымының басшысы Хасан Саларие Tasnim агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Саларие сұхбат барысында Чабаһар ғарыш айлағының құрылысы үш кезеңнен тұратынын, бірінші кезеңі биыл аяқталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жобалау жұмыстары 2022 жылы, құрылысы 2023 жылы басталып, жобаны аяқтау 2025 жылға жоспарланған.
Саларие қазіргі уақытта Чабаһар ғарыш айлағы құрылысы бірінші кезеңінің соңғы жұмыстары жүріп жатқанын баса айтты.
Сонымен қатар, ол алғашқы сынақ жерсерік пен тасымалдаушының техникалық процестерінің аяқталуына байланысты екенін айтты.
Иран Ғарыш ұйымының басшысы “Zafar” және “Paya” қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің түрлі түсті, сондай-ақ ақ, қара суреттерді түсіруге арналған бақылау жерсеріктері екенін мәлімдеді.
Салариенің айтуынша, “Zafar” және “Paya” жерсеріктері 2023 жылы таныстырылып, 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланған болатын. Кейін жерсеріктерді орбитаға шығару 2025 жылға шегерілді.
Иранның “Zafar” және “Paya” жерсеріктерін орбитаға шығару үшін Ресейдің “Союз” тасымалдаушы зымыраны таңдалған.
















