Neo Nomad визасын энергетика және қаржы саласындағы шетелдік маман Сертач Йенер бірінші болып алды.
Еуразия Тудейдің ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қазақ тіліне қызығушылық танытқан ұлыбританиялық Сертач Йенер Қазақстанның мәдениетімен, табиғи ландшафттарымен және гастрономиясымен жақынырақ танысуды жоспарлап отыр.
Neo Nomad визасы алғаш рет Қазақстанның БАӘ елшілігінде берілді. Бұл визаның алғашқы иегері Сертач Йенер жуырда Қазақстанға келеді деп күтілуде.
Ұлыбритания азаматының арманы — Қазақстанның табиғаты, дәстүрі, музыкасы және асханасымен танысу. Сертач Йенер – энергетика саласының маманы.
Айта кетейік, Neo Nomad визаcы шетелдік туристерге мобильді болуға және Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді.



















