Қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде қолданыстағы бағыттар бойынша рейстердің ұшу географиясын кеңейту және олардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап «Эйр Астана» қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 4 рет: сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.
Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде.












