Wall Street Journal газеті Уашиңтон мен Рияд арасында жасырын кикілжің жүріп жатқанын әшкереледі.
Осы мәліметке сәйкес, Сауд Арабиясы мамыр айында «Еркіндік жобасы» аясында әскери базалары мен әуе кеңістігіне Американың әскери қолжетімділігін, сонымен қатар Ормұз бұғазында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Уашиңтонның операцияларын бұғаттады. Бұл Ақ Үйдің Арабстан патшалығы ирандық зымырандар және ұшқышсыз ұшақтардан қорғану үшін соған иек артатын әуе қорғанысындағы қағып түсіретін құрылғыларын беруден бас тарту туралы сес көрсетуге себеп болды.
Рияд Американың қорғаныс қару-жараққтарына қолжетімділік артықшылығынан айырылу ықтималы туралы ескертуден кейін бағытын өзгерткенімен, осы алауыздық бүгінде Уашиңтонның Сауд Арбиясында өзінің әскери құзырын төмендетуді ойлауына ұластырды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өткен аптада Парсы шығанағына сапарында Риядқа ат басын бұрмағаннан кейін шиеленіс тіпті өрши түсті. Сауд Арабиясының басшылары оның әрекетін әдейі кемсіту санап, тақ мұрагері Мохаммад Бин Салман да Американың Иранға қарсы соғыспен қатынасындағы тәсіліне байланысты «Үлкен жетілік» (G7) саммитіне шақыруға қарсылық білдіріп, оған қатыспады.
.
















