Америкалық әскерилер Оман шығанағында Қытайдан Иранға бет алған «Touska» атты контейнер тасымалдаушы ирандық кемеге шабуыл жасады.
Америкалықтардың осы кемеге жасаған шабуылынан кейін Иран күштері де америкалық бірнеше әскери кемеге ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы берді.
Иран Американың Оман шығанағындағы Touska жүк кемесін ұстауын келісімді бұзу деп айыптап, мұны «теңіз қарақшылығы» деп атады.
Бір сағат бұрын Трамп америкалық әскерилердің бұл кемені тәркілегенін мәлімдеді. Америкалық әскерилер кеменің навигациялық жүйесін істен шығарып, палубасына теңіз жаяу әскерін түсірген.
Иран америкалықтардың кез келген әрекетіне дәл сондай жауап қайтаратынын алдына ала ескерткен болатын.
АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасын жариялауымен бір мезгілде Иран да Ормұз бұғазын толығымен жауып тастады. Енді Иранның рұқсатынсыз бұл аймақтан өтпек болған кез келген кеме немесе танкер ирандық күштер тарапынан жазаланатын болады.












