Америкалық жазушы әрі сарапшы Сет Францман «Хамас Газадағы соғыста үлкен шығынға ұшырап, әлсіреді» деген ең үлкен қате түсініктердің бірі екенін атады.
Еуразия Тудейдің Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша бұл туралы Сет Францман өзінің X әлеуметтік желідегі аккаунтында жазды.
Сарапшы Хамастың қысымға ұшырағанын көрсететін ешқандай дәлел жоқ екеніне назар аудара: «Егер Хамас тобы қысымға ұшыраса, біз оның Израиль режиміне жеңілдік жасағанын көретін едік» дейді.
Сондай-ақ Сет Францман сионистік режим ақпарат құралдарының жеті айлық соғыста Хамастың шамамен 10-14 мың жауынгерін жоғалтқаны туралы жариялаған дерегіне тоқталып: «Менің ойымша, бұл сан әсірелеу болуы мүмкін» деді.
Сионистік режим Газа секторына басып кіргеніне 216 күн өткеннен кейін күннен-күнге өзінің ішкі және сыртқы дағдарыстарына ұшырады.
Басқыншы режим Газа секторына басып кіргелі бері бұл аймақта қырғын, қирау, соғыс қылмыстары, халықаралық заңдарды бұзу, көмек көрсету ұйымдарын бомбалаудан басқа ештеңеге қол жеткізе алмады.




















