Eurasiatoday
Среда, 25 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

АҚШ-тың Иранға шабуылдары Вашингтонның әлсіздігін білдіреді

  • Америка, Батыс Азия, Сарапшы пікірі, Саясат
  • 16 июля, 2026 14:07

Loading

Америкалық саясаттанушы Малек Дудаков АҚШ-тың Иранға жасаған жаңа шабуылдарын Вашингтонның әлсіздігі деп бағалады.

Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Малек Дудаков НСН агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Сарапшының пікірінше, АҚШ президенті шабуылдар Иранды ымыраға көндіреді деп үміттенсе, Тегеран бұл текетіресті АҚШ-тағы Конгресс сайлауы қарсаңында өз пайдасына асыруды көздеп отыр.

Тақырыпқа орай:

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026

Дудаковтың айтуы бойынша, Дональд Трамп келіссөздердегі АҚШ ұстанымының әлсіздігінен Иранға жаңа шабуылдар жасауға мәжбүр.

АҚШ Қарулы Күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) 15 шілде күні Иранға қарсы жасалған кезекті шабуылдардың аяқталғаны туралы есеп берді. Бұл жолы Үлкен Томб аралындағы жағалау қорғанысы жүйелері, сондай-ақ қанатты зымырандарды сақтау және ұшыру орындары шабуылға ұшырады. CENTCOM-ның бағалауынша, бұл шабуылдар Иранның Ормұз бұғазындағы сауда кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігін одан әрі әлсіреткен.

Дудаковтың айтуынша, қазіргі уақытта Трамп әкімшілігі үшін жағдай тығырыққа тірелгендей көрінеді.
Сарапшы: «АҚШ президенті Иранды жақсы өмірден бомбалап жатқан жоқ. Иран билігі келіссөздер үдерісіндегі Трамптың әлсіз ұстанымы мен жалған мәлімдемелерін әшкерелеп, оған қысым көрсетуде. Олар Ормұз бұғазын өз бақылауына алды. Ал Трамптың алдында қиын таңдау тұр. Егер ол бұл жағдаймен келіссе, оның беделіне нұқсан келіп, жеңілгенін мойындауы болады. Екінші жағынан Трамп жағдайды өз пайдасына өзгертуге тырысуы мүмкін. Қазір Пентагон жағалауға шабуылдар жасап, Иранның бұғазды бақылауын қиындату үшін дәл осылай істеп жатыр. Алайда АҚШ әзірге Тегеранның зымырандық әлеуетін толық бейтараптандыра алмай отыр, өйткені ирандықтар өз инфрақұрылымын таулы аймақтарда өте жақсы жасырған»,- деді.

Дудаков сондай-ақ, Трамптың жақын арада неліктен бұдан да ауқымды әскери әрекеттерге бара алмайтынына тоқталып: «Ол үлкен тәуекелге барудан қорқады, өйткені Пентагон арсеналының таусылып бара жатқаны байқалады. Сонымен қатар Иранмен арадағы соғысты америкалық қоғам қолдамайды. Оның үстіне жаңа отын дағдарысы, бензин бағасының қымбаттауы және АҚШ-тағы инфляцияның өршу қаупі тағы бар. Конгресс сайлауына небәрі үш ай қалды. Егер осы мәселелердің бәрі қабаттасып келсе, Трамп пен республикашылдардың рейтингі күрт құлдырайды. Сондықтан ол соғыс пен бейбітшілік арасында екіұдай күй кешіп, Иранды ымыраға көндіремін деген үмітпен тек шабуылдармен шектелуге мәжбүр», — деді.

Сарапшының пікірінше, Иран соңында тиімді нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

Малек Дудаков сөзін: «Иран Дональд Трамп ұстанымының әлсіздігін біледі. Сондықтан Тегеран АҚШ-тағы ішкі саяси текетірестің күшеюін күтіп, аралық сайлауға дейін уақыт созып отыр. Ал бұл ішкі дағдарыс қазірдің өзінде қарқын алып келеді. Сайлау жақындағанда Трамптың Иранмен айналысуға мұршасы болмайды. Бұл тұрғыда Тегеранның ұстанымы өте прагматикалық және меніңше, олардың бұл жоспары жақын арада сәтті жүзеге асырылуы әбден мүмкін», — деп түйіндеді.

Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон 18 маусымда өзара түсіністік меморандумына қол қойған болатын. Құжат барлық майданда әскери қимылдарды дереу әрі түпкілікті тоқтатуды және Ормұз бұғазын блокададан босатуды көздеген. Алайда АҚШ Қарулы Күштері Тегеранның Ормұз бұғазындағы сауда кемелерге қарсы әрекеттеріне жауап ретінде 8 шілдеден бастап Иранға шабуылын бастады. Иран әскерилері бұған Таяу Шығыстың бірқатар еліндегі АҚШ базаларына шабуыл жасау арқылы жауап қайтарды. Осылайша, Иран Сыртқы істер министрлігі 14 шілдеде меморандумның күші жойылғанын мәлімдеді. Соған қарамастан, Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран өкілдері әлі де байланыста отырғанын алға тартуда.

Америка билігі Ормұз бұғазын айналып өтетін мұнай құбырының құрылысы туралы мәлімдемелер жасап, қоғамды тыныштандыруға тырысуда. Алайда сарапшы Максим Худалов «Радиоточка НСН» Telegram-арнасына берген сұхбатында бұл жобаның іс жүзінде жүзеге асуы үлкен күмән тудыратынын айтты.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: АҚШиранқақтығысМалек ДудаковСарапшы
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

Иран мен Армения энергетикалық әріптестік пен шекарадағы жүк тасымалын арттырмақ

19.11.2026
Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

Иран СІМ: Израиль медиасы Батыс қоғамын үрейлендіру үшін жалған ақпарат таратуда

17.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

Қатар америкалық ресми тұлғалармен бірлескен кеңес өткізді

24.11.2026
Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

Израильдің Ғазаға жасаған әуе соққысынан UNRWA қызметкері қаза тапты

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

Сионистік режим Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастыруда

24.11.2026
Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

Иранға қарсы соғыс салдарынан Түркияның резервтері 51 миллиард долларға азайды

24.11.2026
Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Иран АҚШ азаматы Дена Карариді босатты

Иран АҚШ азаматы Дена Карариді босатты

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.