Басып алынған Палестинаға сапармен барған Америка Сенаторы Линдси Грэм Иранның зымырандары «Темір күмбезді» істен шығаратындығына алаңдаушылық білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Грэм сонымен қатар Иранның зымырандық бағдарламасын сионистік режим үшін шынайы қатер деп атады.
Ол Jerusalem Post газетіне берген сұхбатта «Иран өзінің баллистикалық зымырандары арсеналын қалпына келтіру үшін жаңа талпыныс бастады», — деді.
Линдси Грэм Иранның баллистикалық зымырандары бүгінде Израиль үшін Тегеранның ядролық бағдарламасымен бірдей қауіп саналатынын мәлімдеді.
Ол сөзін жалғастырып: «ХАМАС пен Иран өздерін қалпына келтіріп жатыр. Ливан Хезболласы да көбірек қару-жарақ шығаруға әрекет жасауда. Біз оларға қатты соққы жасадық. Алайда олар қайтып келеді. Зымыран саласында бұл Израиль үшін шынайы қатер. Біз Иранға баллистикалық зымыран шығаруға рұқсат бере алмаймыз. Себебі олардың зымырандары зымыранға қарсы «Темір күмбездің» қорғаныс жүйесін істен шығарады. Бұл үлкен қауіп», — деді.
















