Америкалық республикашылдардың үміткері Никки Хейли елдің болашақ президенті міндетті түрде әйел болатынын мәлімдеді.
Axios сайтының хабарлауы бойынша Никки Хейли елдің бұрынғы президенті Дональд Трампты Республикалық партияның негізгі кандидаты ретінде қолдамай, АҚШ-тың болашақ президенті әйел болатынын баса айтты.
Никки Хейли ABC News арнасының «Осы аптада» бағдарламасында берген сұхбатында болашақ президенттің бірі өзі немесе қазіргі Президент Джо Байденнің орынбасары Камала Харрис болатынын қуаттады.
Ол сондай-ақ, Дональд Трамп Республикалық партияның соңғы кандидаты болса, оның жеңіске жетпейтінін айтты.
Ол сөзінің жалғасында: «Барлық сауалнамалар менің осы сөзіме саяды. Трамп жеңе алмайды, ал Камала Харрис президент болады. (Бірақ) мен бұған жол бермеймін. Мен тоқтамаймын. Мен ешқайда бармаймын. Біз мұны ұзақ уақыт жасаймыз және оны аяқтаймыз» деді.
Никки Хейли сонымен қатар соңғы сайлауда Трампқа екі рет дауыс бергенін, алайда ойындағы басты нәрсе өзінің кімді қолдайтыны және сайлауда қалай жеңіске жететіні екенін айтты.
Ол америкалықтардың көпшілігі 81 жастағы президент Байден мен 77 жастағы Трампты президенттік сайлауға түсу үшін «тым кәрі» деп санайтын соңғы сауалнамаларға назар аударды.
ABC News және Ipsos сараптама орталығы жүргізген жаңа сауалнама америкалықтардың 86 пайызы АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденді екінші мерзімге сайлану үшін тым кәрі деп санайтынын көрсетті.
Еске салайық, АҚШ-тағы келесі президент сайлауы 2024 жылдың қараша айының 5 күні өтеді.
Бұл елде президент пен вице-президент төрт жылдық мерзімге сайланады.
Қазіргі уақытта негізгі үміткерлер — 80 жастағы Джо Байден мен 77 жастағы бұрынғы президент Дональд Трамп.
Оңтүстік Каролинаның экс-губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты елшісі Никки Хейли 2023 жылдың 14 ақпанында 2024 жылы АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға өзінің кандидатурасын ресми түрде ұсынды.
Ол президент сайлауына Республикалық партияның атынан негізгі кандидат ретінде түскен алғашқы түсті әйел.


















