Йемен Жоғарғы саяси кеңесінің мүшесі Мохаммад Әли әл-Хуси осы ел революциясы жетекшісінің дұшпан тарапынан келісім бұзылған жағдайда Палестина қарсыласуына берген уәдесіне берік екенін мәлімдеді.
Йемен Жоғарғы саяси кеңесінің мүшесі Мохаммад Әли әл-Хуси: «АҚШ президенті Дональд Трампқа: «Біз қаруымыздың күшімен, иманымыздың құдіретімен бейбітшіліке қол жеткіземіз. Біз сендерден қорықпаймыз дейміз.
Сендердің бізді қорқытатын қару-жарақтарың — басқыншылықтың алғашқы күні Йеменді бомбалаған сол баяғы қаруларың.
Біздің еліміз Американың Йеменге қатысты әрүрлі қоқан-лоққыларына мән бермейді. Йемен Арабстанның жуырдағы Йемен туралы жолдаулары мен Эр-Риядтың Йеменге қарсы соғысқа қатысу туралы жанама сілтемесіне қатысты өз нұсқаларын қарастырады.
Ол Арабстан мен БАӘ коалициясының Йеменге қарсы бұрынғы соғысындағы сәтсіздігіне тоқталып: «Бір арабстандықтар мен әмірліктерге 2015 жылы біздің бүгінгі иелігіміздегі дөп тиетін зымырандар мен ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарымыздың болмағанын айтамыз», — деді.
Әл-Хоуси арабстандықтар мен әмірліктерге қаратып: «Сендерге бұдан былай бұл істі қайталамауға кеңес береміз. Егер тағы солай жасасаңдар, сендердің басқыншылықтарың ойсыраған күйде өздеріңе қайтып оралады. Біз Йемен революциясы жетекшісінің дұшпан келісімді бұзған жағдайда Палестина қарсыласуына берген уәдесіне табанды екенін қуаттаймыз», — деді.












