Түркияда бүгін, наурыздың 1 күні мәселелердің бейбіт шешім жолын табуды көздеген Анталия дипломатиялық форумы басталды.
Үшінші рет өткізіліп отырған Анталия дипломатиялық форумына 20-дан астам елдің мемлекет басшылары, 90 министр, 57 халықаралық өкіл, дипломаттар, бизнес көшбасшылары, ғалымдар, сарапшылар мен БАҚ өкілдерін қосқанда 4500-ге жуық адам 147 елден қатысады.
Биылғы форумның басты тақырыбы «Дағдарыс кезінде дипломатияны ілгерілету» деп аталады.
Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған және Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен өткізіліп жатқан форум аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен келіссөз өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Осы форум аясында Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин мен Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданның да кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты, әсіресе, саяси, экономикалық, қауіпсіздік және білім беру салаларында дамытуды талқылады.
Форум наурыздың 3-не дейін жалғасады.












