Еуропалық үш ел және АҚШ кеше, сәрсенбі күні таңертең Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесіне Иранның ядролық нысандарына кіруді талап еткен қарар жобасын ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша кеше сәрсенбі күні таңертең АҚШ, Ұлыбритания, Франция мен Германия АҚХА Басқарма кеңесіне қарар жобасын ұсынды.
Басқарма кеңесіне Иранға қарсы жаңа қарар жобасы Иран Ислам Республикасының Батыс елдеріне Халықаралық атом энергиясы агенттігінде Тегеранға қарсы кез келген жаңа авантюралар туралы ескертулеріне қарамастан ұсынылды.
Онда олар Иранның ядролық нысандары мен байытылған уран қорына қолжетімділік беруді сұрады.
Рейтерс агенттігі Басқарма кеңесіне ұсынылған қарар жобасының мәтінін көргендерін мәлімдеп, дипломатиялық дереккөздеріне сілтеме жасап, құжат сәрсенбі күні бекітілуі мүмкін екенін жазды.
Бұл әрекет өткен аптада АҚХА-нің Иранға қатысты уәжді есебі мүше мемлекеттерге жіберілгеннен кейін жасалды.
Осы мәлімет бойынша төрт елдің қарар жобасында былай деп жазылған: «Иран еш кідірместен кепілдіктегі ядролық материалының көлемі мен ядролық нысандары жайлы нақты мәліметтерді АҚХА-нің ықтиярына тапсыруы керек. Сонымен қатар осы мәліметтерді растау үшін тиісті қолжетімділіктермен қамтамасыз етуі тиіс».
Жобада былай деп жазылған: «[Басқарма кеңесі] Ираннан 2003 жылдың 18 желтоқсанында қол қойған Қосымша хаттаманың ережелерін толық сақтап, әрекет етуге және оны кідіріссіз толық көлемде орындауды сұрайды».
Рейтерс агенттігінің жазуы бойынша аталған төрт ел қарар жобасында сонымен қатарр Агенттіктен Иранның уран қорының сақталу орыны мен уран байытатын центрифугалардың тізімі туралы көбірек мәліметті өзінің есептерінде көрсетуді сұрады.
Рейтерс осы құжат туралы: «Қазіргі қарардың жобасы маусым айында Израиль шабуылынан бұрын қабылданған қарардан айырмашылығы Иранды міндеттемелерін бұзды деп әсте санамайды. Бірақ Иран өзіне қарсы бағытталған кез келген қарарға қарымта жауап беретінін ескерткен болатын», — деді.












