Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы әскери операциясын алдағы екі-үш аптада аяқтауды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеді.
Трамп: «Меніңше, біз соғысты екі-үш аптаның ішінде аяқтаймыз. Өйткені әскери операцияны жалғастыруға ешқандай негіз жоқ»,- деді.
Дональд Трамп Тегеранның Вашингтонмен келісімге келу, келмеуіне қарамастан, операцияның тоқтатылатынын айтып: «Біз келісім жасассақ та, жасамасақ та, олардың ядролық қару алуға мүмкіндігі қалмағанын түсінген кезде әскери операцияны аяқтаймыз», -деді.
Сонымен қатар, Дональд Трамп телефон арқылы NBC телеарнасына берген сұхбатында Иранға қарсы жүргізіліп жатқан әскери операцияның аяқталу кезеңіне өткенін айтып: «Бізде бәрі жақсы жүріп жатыр. Бұл (әскери операция — ред.) аяқталуға жақындап қалды»,-деді.
Айта кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпан күні Иранға қарсы әскери операция бастап, бірқатар қалаға әуеден шабуыл жасады. Иран бұған жауап ретінде Израиль аумағына зымырандар ұшырып, Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық әскери базаларға шабуыл жасады. Жағдайға байланысты аймақтағы бірқатар мемлекет әуе кеңістігін уақытша жапты.
Кейінірек АҚШ Иранға Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату бойынша 15 тармақтан тұратын жоспар жіберді. Алайда Иран бұл ұсынысты қабылдамай, оның орнына бес тармақтан тұратын өз жоспарын ұсынды.



















