АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы тағы санкция жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, АҚШ Қаржы министрлігі департаментінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) мәлімдеме жасап, Иранның мұнай экспортымен байланысты үлкен желіге қарсы кең ауқымды шараны іске асырғанын мәлімдеді.
Мәлімдемеге сәйкес, АҚШ 50-ден астам жеке және заңды тұлғаларды санкциялар тізіміне енгізіп, сонымен қатар Иран мұнайын тасымалдауда рөл атқарған 50-ден астам кемені анықтады.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Иранға қатысты санкциялар аясында 17 елдегі 15 кеме компаниясын, 52 кеме мен 12 жеке тұлға және 53 ұйымды нысанаға алғанын мәлімдеді.
АҚШ Қаржы министрінің айтуынша, бұл санкциялар 2018 жылдан бергі АҚШ-тың Иран мұнайына қарсы салған ең үлкен санкциясы саналады.












